Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек: «Қазақ қыздары ақымақ емес, кім көрінгенге етегін ашып жата беретін»

Айгүл Орынбек: «Қазақ қыздары ақымақ емес, кім көрінгенге етегін ашып жата беретін»
ашық дереккөз

Ұлттық кеңес мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек Алекс Леслидің Қазақстанға келуіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.

Заңгер ресейлік блогерге қарсы шыққан қазақтың ер азаматтарын өзге елдердің азаматтарымен салыстырып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Құранмен жүретін елдің еркектері биік-биік ғимараттар салып, елін дамыған елдерінің қатарынан бір-ақ шығарған! Мойындау керек, бүкіл әлемнің алдыңғы қатарлы озық компаниялары осы елде! Бұл ел сенің дініңе, киіміңе қарап тұрған жоқ, мемлекетке қосатын үлесің, яғни инвестицияң мен миыңа мұқтаж. Тіпті Алланың үйі болып саналатын  мешітке де басқа дін өкілдерін кіргізіп ақша тауып отыр. Ал біздің еркектер ше? Қыздардың киімімен, одан қалса, өзіңмен алысып, салғыласып ұрсып, ең соңында жала жабудан аса алмай келеді!».

Қазақтың еркектері мықты болса,  қазақтың қыздарымен емес, мына жемқорлық жайлаған «ескі жүйемен» алысар еді! Ал біздің жігіттер әділетсіздікпен күресіп жүрген қыздармен ғана күресуге шамалары жетіп, «мықтымыз» деп отыр әзірге! Сондықтан ғой… Нәзікжанды қыз ретінде әділетсіздік жайлаған жүйемен күшімнің жеткенінше күресіп жүрмін».

Айгүл Орынбек өз сөзінде Леслиге қарсы бейнеүндеу жариялаған қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабекке шүйлігіп, оның жасаған бұл әрекеті орынсыз екенін жеткізді.

«О, Құдайым! Қазақтың еркектері Леслиге қарсы шыққандай, жемқорлық жайлаған «ескі жүйемен» де осылай ашық күрессе ғой! Әншейінде үнсіз отыратын Мұхамеджан Тазабек, тіпті қыздарымыздың арын қорғаған «кейіппен» видеоүндеу түсіріпті! Сол Мұхамеджан қазақ қыздары «нәскише» талақ құрбандары болып жатқанда, неге осылай видесымен үндеу жолдамады екен?! Әлде қазақтың жігіттеріне қазақтың қыздарын қорлай беруге болады, ал басқаларға болмай ма?!

Ағалары миллиардтаған қаржыларды шетел асырып, елді тонап жатқанда неге осылай видеоүндеу жасамады?! Енді келіп қыздардың арын қорғап қалыпты-мыс. Қыздардың арын қорғағың келсе, ең алдымен, өз еліңді жемқорлықтан тазала! Жемқорлығы тазарған елдің қыздары да, олардың ары мен намысы да таза болады», - дейді ол.

Сондай-ақ Алекс Леслидің Қазақстанға келуі сайлау алдындағы кезекті арандату екенін сөз етіп, пикапердің келуі ештеңені өзгертпейтінін, қазақ қыздарының ар-намысы таза, әркімнің сөзіне ермейтінін баса айтады.

«Мені Лесли дегеннің видеосына белгілеп, «неге үн қатпай отырсың, әлің тек хиджаппен күресуге жете ме», - деп тэгтей берудің еш қажеті жоқ. Бұл кезекті саяси провокация, иә, арандатушылық! Бұл деген - сайлау алдында халықтың арасында алауыздық тудыру үшін жасалып жатқан «былық дүние». ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ақымақ емес, кім көрінгенге етегін ашып жата беретін», - деп түйіндеді заңгер.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар