Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 81 пайыз дауыс алды

Алдын ала мәлімет бойынша президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс алған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20-қараша күні өтті. Сайлауға дауыс беру құқы бар 12 миллионға жуық адамның 8 миллион 300 мыңдайы қатысқан. Бұл сан барлық сайлаушының 69,44 пайызын құрайды.