Басты жаңалықтар

Тағы бір батыр алматылық қарияны өртке оранған үйден алып шықты (видео)

Оқиға 20 қараша күні таңертең Алматыдағы «Шұғыла сити» ТК-де орын алды. Бірінші қабатта өртенген пәтерде ота жасатып, өзі қозғалып, жүре алмайтын 1950 жылғы ер адам қалып қойған. Оны аталған ТК 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов құтқарды.

72 жастағы ер адам үйдің кіреберісінде жатқан. Пәтерден өз бетімен шығуға барынша тырысып оттың ортасында қалған. Еркебұлан өрт сөндірушілерді күтпей, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, зейнеткерді қауіпсіз жерге алған.

«Батыр болуды мақсат етпедім, тек көмектескім келді», – дейді Еркебұлан Жанахметов.

https://youtube.com/shorts/cyspl4WQ9Tg?feature=share