Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістандық жігіт беліне ем іздеп барған бақсы жолын жауып тастаған айтты

21.11.2022
0
Түркістандық жігіт беліне ем іздеп барған бақсы жолын жауып тастаған айтты

Түркістандық Рахат Қалыбаев емделу үшін барған емші өзінің жолын жауып тастағанын айтады, деп хабарлайды КYN.KZ «Көреміз» ток-шоуына сілтеме жасап.

Рахаттың айтуынша, Туркістан облысындағы Қосқорған ауылында тұратын Баян есімді емші әйел оны «жолыңды ашамын, ауруыңды жазамын» деп оқып, керісінше, жолын жауып тастаған. 5 жыл бойы мазасын алған бел ауруынан 5 мың теңгемен айығуды мақсат етіп барған жігіт емшінің аса таяғымен адамды айналып жүріп сүрелер оқитынын, бірақ бақсының не оқығанын түсінбегенін айтты. 5 жыл бойы жасамаған емі, көрмеген шарасы қалмаған науқас жігітке жеңгесі Баян деген емшіге баруға кеңес береді.

«Емші апаға бармай тұрып сабақ жағынан да, моральдық жағынан да жолым болып жүрді. Қалай емшіге бардым, солай жолым жабылды. Алланың жолында жүрген адамның үйі де өте лас, аяқ басатын таза жері жоқ, жағымсыз иісі де бар», — дейді Рахат.

«Мүмкін Алла Тағала осыдан тұра жолды табу үшін жолын кішкене кедергілеген шығар. Сондықтан жолының жабылуы әбден мүмкін. Адамның жолының ашылуы емшіден, оның таяғынан болмайды. Емделушінің өзінен болады. Адамға ем қону үшін ниетпен бару керек», — дейді имам Нұрлан Байжігітов.

«Мықты дәрігер болса да, сенде оған сенім болмай, оған қанша рет барсаң да, дәрісі көмектеспейді. Өйткені адам ол нәрсеге сеніп тұрған жоқ, ниет етіп тұрған жоқ», — деді психотерапевт.

Емшінің айтуынша, осыдан 22 жыл бұрын түсінде аян көріп, кенеттен көріпкелділігі пайда болады. Осылайша емшілік қасиет дарыған ол бұған дейін жағдайы ауыр талай ауруды емдегенін айтты.

«Құдай өзі солай сөйлетеді. «Қазақстан бойынша мыңнан бір адамға қонатын таяқ кімге қонады десек, саған келген екен ғой, қызым», деп судың бетіне қалқып шығып тұрған таяқты иығыма әкеліп қойды. «Мына таяқ саған берілген таяқ» деп шырақшы кісі батасын берген. Бұл Алланың құдыретімен берілген пайғамбарлардың таяғы. Адамдар ауырып, қысылып келіп отырғанда осы таяқпен ұрып емдеймін. Сосын аталар ем салады. Ақ шалдарды көремін. Ауру адамдар содан жазылып кетеді. Аталарым маған «мына кісіге көмектес, дем салып жібер» деп айтады», — дейді бақсы Баян.

Бөлісу235Твит147
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1923 бөлісу
    Бөлісу 769 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1212 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1117 бөлісу
    Бөлісу 447 Твит 279
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1118 бөлісу
    Бөлісу 447 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    817 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 204
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    543 бөлісу
    Бөлісу 217 Твит 136
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    869 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 217
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.