Басты жаңалықтар

АҚШ-та жүк көлігін айдап жүрген қазақстандық рэпер миллиондаған табыс табатынын айтты

Бұл туралы қазақстандық блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіге салған. АҚШ-та жүк көлігін айдап қомақты қаражат тауып жүрген азамат өзінің айына 4-5 миллион теңге тауып жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Отандасымыз Талғат есімді рэпер бірнеше жылдан бері ауыр көліктерді айдап, қомақты қаражат тауып жүр. Оның сөзіне сенсек, бір айлық тұрақты табысы – 4-5 миллион теңге.

«АҚШ-қа келіп, бірден осы жұмысқа кіріп кеткен жоқпын. Әу баста мейрамханаларда, анда-мұнда қара жұмыс істедік. Қазір жаман емес, Қазақстанға қарағанда мұнда табыс көзі жақсы. Жұмыс оңай деп айта алмаймын. Барлығы сол бала-шағаның қамы. Грин-картам бар. 6 ай осында, 6 ай елде жүріп ақша тауып жүрміз. Үй алсам деген жоспарым бар», - дейді рэпер.