Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Әйелін 12 жасар ұлының көзінше атып өлтірді: Көршілері қайғылы жағдай жайлы айтты

21.11.2022
0
Әйелін 12 жасар ұлының көзінше атып өлтірді: Көршілері қайғылы жағдай жайлы айтты

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақбастау ауылында ер адам әйелін атып өлтірді. Марқұм ауыл балабақшасының меңгерушісі болып қызмет істеген, деп хабарлайды KYN.KZ  Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасай отырып.

Тыныш жатқан Ақбастау ауылын дүр сілкінткен қайғылы оқиға 19 қарашада болған. 47 жастағы ер адам әйелін 12 жастағы баласы мен көрші балалардың көзінше атып тастаған. Оқиға болған сәтте әйел анасының үйінде болған. Кеуде тұсынан тиген оқтан оқиға орнында жан тапсырған. Аңшы мылтығындағы екінші оқты ер адам өзіне қарата атқанмен, оқ басын жанап өтіп, шашын ғана күйдірген.

«Төбемізден жай түскендей болды. Дәл мұндай болады деп ойламадық. Өйткені ерлі-зайыпты өте жақсы тұрды. Тәрбиелі отбасы. Ер адам ауылда тракторшы. Елдің бәріне көмектеседі. Ешкімді ренжіткенін көрген емеспіз. Тіпті ол төбелесе алмайтын адам. Сол күні мас болды деп естідік. Ал салынып ішіп, елдің мазасын алғанын естіген емеспіз», — дейді Ақбұлақ ауылының тұрғындары.

Марқұм әйел ауыл балабақшасының меңгерушісі болып қызмет еткен. Үш баласының үлкені 25, кішісі 12 жаста.»Әйелі 44 жаста. Өте шаруаға пысық адам. Мүмкін отбасында кикілжің болып тұрған шығар, бірақ естіген емеспіз. Күйеуі де сондай тамаша, алтын адам еді. Мүмкін қорқытайын деді ме, кім білсін. Бірақ ер адам ондайды істеуі мүмкін дегенге иланғымыз келмейді», — дейді ақбастаулықтар.

Бірнеше ұлттан құралған ауыл адамдары қару алып, атысып көрмеген. Ерлі-зайыпты да осы ауылда туып өскен. Ер адамның қолына қару алуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Полиция тергеуді бастады.»Тергеушілер адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшы қаруы тәркіленді», — дейді полицейлер.

Бөлісу15Твит10
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3791 бөлісу
    Бөлісу 1516 Твит 948
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1102 бөлісу
    Бөлісу 441 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1078 бөлісу
    Бөлісу 431 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    591 бөлісу
    Бөлісу 236 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    556 бөлісу
    Бөлісу 222 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    453 бөлісу
    Бөлісу 181 Твит 113
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.