Шымкенттік жас спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Шымкенттік жасөспірімдер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Ағайынды жеңімпаз Арслан Берік пен Арсен Берікті ел-жұрты үлкен қошеметпен қарсы алды. Олар Абу-Даби қаласында өткен біріншілікте 5 мың спортшының арасында топ жарып, Еліміздің туын көкте желбіретті, деп хабарлайды Отырар.
"Алға Қазақстан, Алға қазақстан!" дәл осылай шымкенттіктер ел мақтанышын қарсы алды. Ағайынды Арслан Берік пен Арсен Берік джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.
Бабы мен бағы қатар шапқан жас өрендер Абу Даби қаласында өткен әлем біріншілігенде өнер көрсетті.Айта кетейік 8 жасар Арсланның спортпен айналысқанына 3 жыл болған. Осы аралықта тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларының қатаң талабы бүлдіршінді жеңіске жетелеген.
Дарынды спортшы финалдық кездесуде пәкістандық қарсыласына қылқындыру әдісін қолданып, белдесуді үлкен басымдықпен уақытынан бұрын 10-0 есебімен аяқтап, қарсыласын тізе бүктірді.