Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының шатырынан су ағып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Әуежайдың техникалық құрылымын жіті тексерудің нәтижесінде 60 млрд теңгеге салынған шатырдың материалдары бекітілген жобаға сай келмейтіні белгілі болды. 5 жыл бұрын халықаралық терминалы қолданысқа енгізілген әуежай әкімшілігі жағдайға байланысты Астана қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына арызданды.
Бүгінгі күні әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.