Басты жаңалықтар

Назарбаев әуежайының 60 млрд теңгелік шатырынан су сорғалап жатыр (видео)

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының шатырынан су ағып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Әуежайдың техникалық құрылымын жіті тексерудің нәтижесінде 60 млрд теңгеге салынған шатырдың материалдары бекітілген жобаға сай келмейтіні белгілі болды. 5 жыл бұрын халықаралық терминалы қолданысқа енгізілген әуежай әкімшілігі жағдайға байланысты Астана қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына арызданды.

Бүгінгі күні әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

https://youtube.com/shorts/32hHhvSJtaE?feature=share