14 жастағы жасөспірім асылып өлді
Атырау облысында мектеп оқушысы үйінің шатырында өзіне қол жұмсап, асылып өлді, деп хабарлайды КYN.KZ.
Атырау облысының Жылыой ауданында мектеп оқушысының өлі денесін ата-анасы үйінің шатырынан тауып алған. Оқиға болған сәтте үйде екшім болмапты. Үйге оралмаған баланы іздеген әке-шешесі баласына қоңырау шалып, телефонының дауысы арқылы тапқан.
Баласын өлі күйінде көрген ата-ана да, туыстары да әзірге марқұмның өзіне қол салуға не себеп болғанын білмей отыр. Өлер алдында жазған хаты да жоқ екен.
Аталған қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары басталды.
«Оқиғаға байланысты әзірге ештеңе айта алмаймыз», - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметкерлері.