«Бизнес по-казахски»: Президенттікке үміткерлердің әрқайсысына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды
- автор kyn.kz
- 23 қараша, 2022
- 199
3 күн бұрын өткен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидатурасын ұсынғандарға бөлінген қаржының сомасы туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Әлеуметтік желіде тараған дерек бойынша, сайлаудың арқасында Нұрлан Әуесбаев – 109 млн 921 мың, Қарақат Әбден – 187 млн, Қасым-Жомарт Тоқаев – 1 млрд 619 млн 999 мың, Салтанат Тұрсынбекова – 47 млн 680 мың, Мейрам Қажыкен – 83 млн 524 мың, Жигули Дайрабаев – 404 млн 276 мыңды иемденген.
Бұл ақпаратқа көпшілік таңғалысын жасыра алмай, өмірде естіп те көрмеген ақшалар екенін айтып жарыса жазуда.
«Сол үшін Салық төлемей қою керек халық бір ауыздан», «Не деген ақша», «100 мың зарплатасын ала алмай отыр қарапайым халық», «Ойбай, ужааас, байқұс ақшалар», «Қалтаға салып алып, мәз болып отырған шығар», «Өмірімізде көрмеген ақшалар ғой», «Бизнес по-казахски», «Не деген батпан құйрық бұл», «Мен де шығуым керек екен, білмей қалдым», «Қымбат клоундар ғой, не ар жоқ, не намыс жоқ», «Кәсіп ашып алған шығар», - дейді ашынған жұрт.