Басты жаңалықтар

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»: Марқұм Асқар Забикулиннің жаназасына келген халықтың санында шек жоқ (видео)

Желіде қайтыс болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жаназасында түсірілген бейнежазба тарады. Бейжазбада Асқардың рухына құран бағыштауға келген жұрттың санында шек жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Артында әйелі мен екі баласы қалған марқұм Асқар Забикулиннің жаназасы өтіп жатқан зал адамға лық толы. Тіпті отырарға орын таппаған жұрт есік алдында тік тұрып, бүгінгі күннің батыры үшін бата оқуда. Мұны көрген желі қолданушылары көз жасына ерік беріп, марқұмның отбасына көңіл айтып, ыстық лебізін жазып жатыр.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, өзі көрмеген қызықшылықты батырдың ұрпағына, бала-шағасына берсін», «Обалын-ай, жап-жас әйелі жесір, балалары жетім қалды, жатқан жері жайлы болсын батырымыздың», «Байқұс анасы да қан жылап отырған шығар. Алла панасына алсын», «Иманы жолдас болсын марқұмның», «Отбасына Алла сабыр берсін», «Өте қиын жағдай. Елі үшін өз өмірін қиған жанның рухы пейіште шалқысын», - деп жазуда оқырмандар.

https://youtube.com/shorts/hjYeB_4KkvU?feature=share