24 жастағы жігіт үш күннен бері із-түссіз жоқ
Атыраулық 24 жастағы жігіттің жоғалғанына үш күн болды. Қызылқоға ауданының тұрғыны 20 қараша күні таңертең үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған деп хабарлады Қазaқпаратқа сілтеме жасаған KYN.KZ сайты.
«Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылында тұратын 24 жастағы жігіт 20 қарашада таңғы сағат 05:00-де үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз. Оны іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан 37 адам 5 техникамен тартылды», – деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Ізіп-ғайып жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасуда, алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ.