Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді
ашық дереккөз

Жанкештілікпен жанын құрбан етіп, өзге азаматтарды аман алып қалған марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді. Бұл туралы Жоғары білім және ғылым министрлігі Telegram арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі Асқар Забикулиннің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол қызметтік борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде жанқиярлық және батырлық танытты. Өрт сөндірушінің қазасына байланысты жоғары оқу орындары басшыларына Асқар Закибулиннің отбасы үшін гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандықтарында ЖОО грантында оқуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді», - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство батырдың жұбайы үшін МВА бағдарламасы бойынша оқу үшін AlmaU да толық грант бөлгенін атап өтті.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар