Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Анасынан ұл балаларға қандай аурулар беріледі?

23.11.2022
0
Анасынан ұл балаларға қандай аурулар беріледі?

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсіл сөз бар қазақта. Алайда ата-анадан балаға ауру да мирасқа қалады екен. Әсіресе әулеттің жалғасы, ұлдарға төнетін қауіп басымдау. Ауру атаулының қай-қайсысының да емі бар. Дегенмен кейбір тұқым қуалайтын ауруларды емдеу қиын. Ал солардың бес түрі еркектерге негізінен ана ағзасы арқылы беріледі. Олар мыналар:

1. Түсті ажырата алмаушылық. Көп еркектер өзінің осындай кемшілігі барын медициналық тексеруден өткен кезде ғана біледі. Көбіне қызыл түсті, сирек жағдайда жасыл және көк түсті ажырата алмайтын еркектер бар. Ал әйелдер арасында мұндай дальтониктер еркектермен салыстырғанда 20 есе аз кездеседі.

2. Гемофилимямен ауыратын, яғни қан ұйығыштығы кем адам үшін жарақаттану, қан кетуі аса қауіпті, өмірге қатерлі. Буын қуыстарына қан кетуі мүгедектікке апарып соғады. Мұндай дертке ұшырағандар өмір бойы қанды қоюлататын дәрілер ішіп жүруге мәжбүр болады. Ал әйелдердегі гемофилия ауыр жарақат алғанда, ауыр босану кезінде, ауыр операциялар кезінде ғана білінуі мүмкін.

3. «Дюшен дистрофиясы» дейтін ауру бар, бұлшық еттердің дұрыс жетілмеуіне соқтырады. Оған қажетті ақуыз жетіспейді. Ұлбала 10-12 жасында-ақ әбден әлсіреп, өз бетімен жүруден қалуы мүмкін. Бұған да ана ағзасы арқылы берілген хромосома кінәлі.

4. Бала туылған күннен бастап оның иммундық жүйесін бұзатын аса сирек кездесетін ауру бар. Ол «Х-қабысқан иммун тапшылығы» деп аталады. Яғни иммунитет төмен, иммундық жасушалар жетіспейді, ағза ауруларға қарсы тұра алмайды. Мұндай адам үшін суықтаудың, тұмаудың өзі аса қауіпті.

5. Мартин-Бялл синдромы кезінде Х хромосома тым әлсіз. Олардың бөлінуі кезінде бір кішкентай бөлшегі сынып қалады. Осыдан баланың ақыл-есі жетілуі тежеледі.

Қысқасы, ер балаға ана арқылы әйел генотипіндегі Х-хромосоманың бөлшегі беріліп, аталған аурулар осыдан туындайды.

Жалпы, әйел мен еркекте генетикалық деңгейде бір ғана жұп жыныстық хромосома айырмашылығы бар. Әйелдерде Х-хромосома екеу, ал еркектерде ол біреу, екіншісі У-хромосома. Хромосома құрамына қандай гендер кіретініне адам денсаулығы тікелей тәуелді. Егер әйелге «дертті» Х-хромосома берілсе, ондағы көпшілігін көп жағдайда екінші Х-хромосома жояды, ауру білінбей кетеді. Ал егер ұл балаға мұндай кемшілігі бар хромосома берілсе, оны У-хромосома «жөндей» алмайды, жоғарыда аталған аурулар осыдан туындайды.

Бөлісу19Твит12
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3853 бөлісу
    Бөлісу 1541 Твит 963
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1685 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.