Тірі адам моланы паналап жүр (видео)
Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жамбыл ауылында 61 жастағы қария бейіттің паналап жүр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Өзіне қатысты толық ақпарат беруден бас тартқан егде азамат бейітке лашығын тігіп орналасып, күн кешіп жүр. Моланы мекендегеніне жарты жылға жуықтаған. Сау жері жоқ, жыртық лашығының алдында қазан-ошағымен ас әзірлеп жейді. Бейіт маңындағы мекемелерде отыратын жанашыр жандар атаға қалың сырткиім мен аяқкиім беріпті. Атаның мұнда тұратындығынан ауылдағы көпшілік хабардар.
Қарияның жүйкесі де әбден тозған көрінеді, қазақ қоғамына, өмірге өкпелі.