Басты жаңалықтар
Астана перзентханасында жан тапсырған әйелдің күйеуі сәбиінің өмірі үшін министрліктен көмек сұрады
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2018
- 337
Әйелінен айрылған жігіт, енді баласын жоғалтып алмас үшін жанталасуда
№1 Перинаталды орталықта жаңа босанған әйелінен айырылған Сапар Әміртай дүниеге келген нәрестелер тірі қалуы үшін шетелден мамандар шақыруды өтініп, елбасыдан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, барлық азаматтардан көмек сұрап отыр деп хабарлайды Baq.kz-кесілтеме жасаған KYN.KZ
"Осы балаларды аман алып қалсын деп көмек сұраймын. Қазақстанда мүмкіндік көп, мықты мемлекетпіз. Шетелден мамандар шақыруға, Ресейден, қандай болсын елден шақырса деймін. Себебі мұны осындай жағдайға тап болған адам ғана түсінеді, мен де дәл қазір сол жағдайда тұрмын. Кішкентай, үмітім жансақтау бөлімінде жатыр. Мен одан айырылып қалмауым керек. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, кімнен болсын осы балалаларды аман сақтап қалса екен деп көмек сұраймын. Себебі екінші рет біреуден айырылу өте ауыр болады. Балалар ештеңеге кінәлі емес. Олар өмір сүруі тиіс. Олардың өмір сүретініне сенеміз", - дейді ол.
Нәрестенің әкесі мемлекет көмегіне сенетінін, балалардың тірі қалуы үшін көрші елдерден болсын мамандар шақырса деген ойын жеткізді. Ал өлім себебі туралы әзірге ештеңе айта алмайды. "Денсаулық министрлігінің өз құрылымы болады, жұмыстары бар. Мен бұл туралы пікір білдіре алмаймын, себебі қазіргі жағдайымда ештеңе дей алмаймын. Не үшін бұлай болды, себебі қандай дегенге жауап тауып, осы іспен объектиівті түрде айналысса деймін", - деді көз жұмған әйелдің жолдасы. Оның айтуынша, әйелінің денсаулығы өте жақсы болған. Жүктілік кезінде де ешқандай проблема туындамаған. Ол әйелінің өз денсаулығына мұқият қарағанын айтады.
Еске сала кетейік, 25 маусымда Астанадағы №1 Перинаталды орталықта жаңа босанған екі бірдей әйел қайтыс болған еді