"Қазфосфат" жұмысшыларын "баран" деген топ- менеджер халықтан кешірім сұрап, жұмысынан кетті (видео)
- автор kyn.kz
- 23 қараша, 2022
- 187
Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалының 500-ге жуық қызметкері жиналып, наразылыққа шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ
Жинақталған дерек бойынша, наразылыққа мекеме басшысының жұмыскерлерін балағаттағаны себеп болған. Сондай-ақ жұмысшылар жалақыларын көтеруді талап еткен.
Бейнежазбада наразы жұмысшылардың алдына келген басшыға дүрсе қойғаны анық бейнеленген. Ондағы полиция қызметкерлерінің де оларға шамасы келмей жатқаны байқалады. Белгілі болғандай жұмысшыларды Ресейден келген топ-менеджер "бараны" деген. Шыдамаған жұмысшылар наразылыққа шыққан. Артынша алаңға келген шетелдік менеджерді сабаған.
Әкімдік өкілі жиналған халық алдына шығып, менеджердің бірден жұмыстан босағанын айтты. Бүкіл құзырлы орган қызметі митинг болған жерге бірден барған. Прокуратураға намысымызға тиді деген жұмысшылар атынан арыз жазылды.
Митингке бес жүзге жуық адам жиналды. Жұмысшылардың алдына таяқталған топ-менеджер шығып кешірім сұрады. Әрі жұмыстан кетіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, "Қазфосфатта" жұмыс істеген кезін өмір бойына есінен шығармайтынын айтты.