«Келесі кезек Қазақстандікі». ҚР сыртқы істер министрлігі өкілі жауап берді
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ресейлік федералдық арнада бағдарлама сарапшысының Қазақстанды «Украинадан кейінгі келесі мәселе» деп атаған мәлімдемесін қатаң сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
«Ресей 1» арнасында «Владимир Соловьевпен кеш» бағдарламасында сарапшылардың бірі Қазақстанды «Украинадан кейінгі келесі мәселе» деп атады. Сарапшы еліміздегі нацистік процесстер туралы мәлімдеді. Сіз нацистік процесстерге тап болдыңыз ба», - деп сұрады журналист.
«Әрине, мен ешқашан ондай процесстерді бастан өткерген жоқпын, себебі ол жағдай біздің елде жоқ. Мұндай мәлімдемелер жайлы айтатын болсақ, Мемлекет басшысы да, Сыртқы істер министрлігінің басшылығы да, сондай-ақ мемлекетіміздің басқа да басшылары, оның ішінде Парламент палаталарының спикерлері де осы тәрізді әртүрлі пікірлер мен мәлімдеме жасағыштар туралы бірнеше рет айтқан.
Біздіңше, біріншіден, бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымын айғақтамайды, екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы бұрыннан келе жатқан дәстүрлі тығыз қарым-қатынасқа нұқсан келтіреді, үшіншіден, федералдық арналардың осындай қажетсіз ұстанымдарды жариялауына Ресей Федерациясының билігі тиісті шара қолдануға тиіс», - деді Василенко басқосу барысында.