«Әлі бір байға жарымай жүрміз»: Мақпал Жүнісова өзіне қатысты шындықты жайып салды (видео)
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты әңгіме айтып халықты тағы да шулатты, деп жазады КYN.KZ сайты.
Ол ақын Құрманай Бақтиярқызының Шымкент қаласында өткен жеке шығармашылық кешінде қазақтың әйелқұмар еркектері жайлы сөз етеді.
«Мен гүлдерімді таратып беремін бәрін. Шопырларға беремін, күзетшілердің әйелдеріне беремін. «Әй, апарып беріңдер. Қанша қатындарың бар еді» деп бәріне таратып беремін. Сол ғой енді. Қазір еркектер 4-5 әйел ала береді. Біз байқұс бір байға жарымай жүрміз әлі. Зәкеңнің жүгі ауыр ғой. Біреуге қарайын десең, ана жақтан келіп, «ау, қайда бара жатырсың» деп айтады екен деп, «бисмилла» деп. Біреу жақындай бастаса болды, «жақсы, сау болыңыздар» деймін. Шынымен де уақыт өтіп кетті ғой. Бәрі өз орнымен, өз уақытымен болса жақсы. Жүрекке әмір жүрмейді. Енді алпыстан асқанда сондай махаббат болады деп ойламаймын. Менің махаббатым тек сіздерге, халыққа деген махаббат», - деді әнші концертке жиналған жұртты күлкіге қарық қылып.