Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Он жылға қамалған экс-министр Бишімбаев қалада қымбат көлікпен жүрген жерінен көзге түсті

Он жылға қамалған экс-министр Бишімбаев қалада қымбат көлікпен жүрген жерінен көзге түсті
ашық дереккөз

Журналист Асхат Ниязов қала ішіндегі жолдағы кептелісте Toyota Land Cruiser тізгіндеген Қуандық Бишімбаевты көріп, суретке түсіріп үлгерген. Естеріңізде болса ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Бишімбаев 10 жылға қамауға алынған еді, деп жазды KYN.KZ.

Экс- шенеунікке 1.2 млрд теңгені қолды қылды, 346 млн пара алды деген айып тағылған еді.

"Біздегі жағдай осы, ол өзіне берілген жазаның жартысын да қамауда өткізбегені ғой. Оны қамауға алған кезде мүлкі тәркіленген еді. Көріп тұрғандарыңыздай адам өзін жайлы, жақсы сезініп отыр. Мемлекеттік номеріне қарасам екі әріп.

Соған қарағанда қандай да бір мекеменің көлігі. Әлде сол компанияға жұмысқа тұрып алды ма? Әлде компания өзінікі шығар? Қорытындысы, 1.5 миллиард ұрла да 4 жыл жазаңды өте, әрі қарай қымбат көлігіңе отырып кетебер деген сөз ба?",- деп журналист таңданысын жасыра алмады.

Журналистің жазбасына антикор қызметі жауап беріп өтті.

Олардың мәліметінше Бишімбаевқа 2018 жылдың 14 наурызында Астана ауданаралық соты үкім шығарған. Яғни президенттің жемқорлардың жазасын қатаңдату шарасы қабылданбай тұрып қамалған.

"Президент жемқорлардың жазасын қатаңдату бойынша заңды 2020 жылы мақұлдап, қабылдады. Яғни сот жемқор Бишімбаевқа он жыл қамау мерзімін шешсе ол сол он жылды толық қамауда өткізуі тиіс",- делінген антикор өкілінің жауабында.

Сонымен қоса, жемқорлықпен күрес агенттігі бұл сұраққа жауап алу үшін сотқа хабарласу керектігін айтты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар