Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалды
2023 жылдан бастап ҰҚШҰ-ның бас хатшысының міндетін Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетов атқарады. Бұл туралы Еревандағы ұйым саммиті барысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.
"2023 жылдың басынан бастап, алдағы үш жылда ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетов атқарады", - деді Пашинян.
65 жастағы Иманғали Тасмағамбетов әр уақытта президенттің көмекшісі, премьер-министр, Атырау облысының, Алматы және Астана қалаларының әкімі қызметін атқарған.Оның соңғы ресми қызметі – 2017-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Осыдан кейін ол зейнетке шықты.