Қошанов: Біз Ресейден қорықпаймыз
Ресей арнасында саясаткерлердің "Украинадан кейінгі кезек Қазақстанда" деген пікірі көпшіліктің шамына тиді. Осы мәселе бойынша журналистер Қошановқа арнайы сұрақ қойды, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Бізде Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдар сотталады. Алайда ресейліктер бізге қатысты ойына не келсе соны айта береді. Неге олар жауапқа тартылмайды? Біз Ресейге тәуелдіміз бе? Одан қорқамыз ба?» деп сұрады тілші.
Айтуынша, телеарналардан, ғаламтордан айтылып жүрген пікірлер Ресейдің ресми мәлімдемесі емес.
Айта кетерлігі, Ресейдің мемлекеттік телеарнасындағы бағдарламалардың бірінде сарапшы «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» деп айтып, ол қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.