Путиннің баспасөз хатшысы "Украинадан кейінгі мәселе Қазақстан" деген мәлімдемеге түсінік берді
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Россия 1" арнасындағы "Украинадан кейінгі мәселе Қазақстан" деген мәлімдемеге түсінік берді, деп абарлайды KYN.KZ.
Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы қазақстандық журналист Әділ Балтабаевқа сұхбат берген.
Журналист Ресейдің мемлекеттік арнасында айтылған мәлімдемелердің Кремль ұстанымына қаншалықты сәйкестігін сұраған.
"Қараңыз, мен ол бағдарламаны көрмедім, сіз айтқан саясаткерді де танымаймын. Ресейлік саясаткерлердің әр айтқаны мемлекеттік ұстаным деген сөз емес. Олар ресми мемлекет атынан айтып отырған да жоқ. Ресей мен Қазақстанның қарым - қатынасына, ресми байланысына мүлде қатысы жоқ адамдар олар. Сондықтан оларға назар аудармауға шақырамын",- деді Путиннің баспасөз хатшысы песков.
Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ресейлік федералды арнадағы сарапшының Қазақстанды «Украинадан кейінгі мәселе» деп атаған мәлімдемесін айыптаған болатын. Тіпті ол өзі Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілі ретінде елде ұлт аралық бөліну жоқ екенін айтты.