Қызылағаш прокуратурасы әкесін атқан күдікті 3 жасар баланың қолын жеңіл жарақаттағаны үшін жауапқа тартылмайтынын айтты
- автор kyn.kz
- 24 қараша, 2022
- 179
Күйеуімді атып өлтіріп, екі жасар ұлым Жігерді қолынан оқпен жаралаған адам жеңіл жазамен құтылуы мүмкін". Осылай деп дабыл қаққан Қызылағаш ауылының тұрғыны Жазира Чабенова әділдік іздеуде. Оның айтуынша Жігердің әкесіне оқ атылғанда бала оның жанында тұрған, деп хабарлайды KYN.KZ "31 арнаға" сілтеме жасай отырып.
Сол кезде бүлдіршіннің қолына тиген төрт бытыраны дәрігерлер алып шығыпты. Тиісті рентген суреті де бар дейді. Бірақ барлық дәлеліміз бола тұра баламның қолына оқ тигені бойынша іс сотқа жетпеді, тек әкесінің өлімі бойынша қаралып жатыр деп наразы.
33 жастағы Жазира Чабенованың жолдасы осыдан алты ай бұрын оқ тиіп қайтыс болған. Қазір оның жолдасын өлтірді деген адам ұсталып, іс сотқа жетіп, процесс жүріп жатыр. Бірақ сол кезде қасындағы баласының қолына да оқ тигені іске енбепті.
Дәрігерлер екі жастағы ұлымның қолынан бір емес, 4 бытыра алып шықты. Қазір тыртығы да тұр. Соған қарамастан, бұл сотталушыға тағылған айыптың ішіне кірмей, жылы жабылып жатқанын айтады.
"Баланың қолына бес оқ кірген. Баланың қолындағы оқты ешқандай іске қоспай отыр. Баланың ешқандай қатысы жоқ, баланы істен алып тастаған. Мынау сұмдық қой. Сонда баланы іске қосу үшін бала өлу керек пе?",– дейді Қызылағаш ауылының тұрғыны Жазира Чабенова.
Ал бұл баланың қолына жасалған рентген түсірілімі. Бұл жерде бытыраның төрт оғының тұрғаны көрсетілген екен. Енді жәбірленушінің қорғаушысы істің қайта тергеуге жіберілуін талап етуде.
Ал, Жетісу облысы , Ақсу ауданының прокуратура қызметі баланың жарақаты не себепті қылмыстық іске қосылмағанын былай түсіндірген:
"Күдікті баланы қасақана қарумен атпағанын және ол кезде қайтыс болға азаматтың жанында бала болмағанын көрсетіп отыр. Бұны барлық куәгерлер де растады. Жігер Бейбітұлына тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысына сай оған "жеңіл" дәрежедегі дене жарақаты келтірілген.
Қолданыстағы заң бойынша "денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғау үшін тұлғаның денсаулығына кем дегенде орташа зиян келуі қажет. Сондықтан, балаға қатысты іс қозғалмады"