Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматылық зейнеткер алаяқтарға көлігін, үйін сатып бар ақшасын қалай беріп қойғанын айтты

24.11.2022
0
Алматылық зейнеткер алаяқтарға  көлігін, үйін сатып бар ақшасын қалай беріп қойғанын айтты

Алаяқтардың айласына құрық бойламай тұр. Алматыда тағы бір зейнеткер алаяқтың кесірінен бар дүние-мүлкінен айырылды. 67 жастағы әйел полицияның атын жамылған белгісіз адамдарға 40 миллионнан астам теңгені аударып жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ KTK арнасына сілтеме жасай отырып.

Ақшаны табу үшін Әспет Күзембаева қаланың қақ ортасындағы төрт бөлмелі пәтері мен көлігін арзан бағаға сатып банктен несие де алыпты. Әдеттегі тәсілмен талай адамды тақырға отырғызған күдіктілер ұсталды.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Әспет Күзембаева алаяқтардың арбауына түскенін қорқынышты түсіндей есіне алды. Зейнеткерге өзін полиция полковнигімін деп таныстырған бейтаныс адам қоңырау шалып, өміріңіз бен дүние-мүлкіңізге қауіп төніп тұр, арнайы операция жүргізу керек деген. Ары қарай 67 жастағы әйел төрт бөлмелі пәтері мен көлігін сатып банктен несие алған. Сосын 40 миллион теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін алаяқтар айтқан арнайы шотқа аударып, қалған бөлігін қолына ұстата салған.

«Банктен несие аласыз, ақпараттың барлығы банктен кетіп отыр» деді. Банктен барып 850 мың теңге алдым. «Енді сіздің көлігіңізді тексеруіміз керек. Автоломбардтардың нөмірін жіберемін, тез сатыңыз» деді.

3 миллион 200 мың теңгеге 2014 жылғы көлігім «Хюндай акцентті» сатып жібердім. Ақшаны Ұлттық банк банктен шот берді. Сол шотқа аударып жібердім. «Енді пәтеріңізбен айналысамыз» деді. Пәтерді 37 жарым миллионға саттым»,-дейді Алматы тұрғыны Әспет Күзембаева.

Басындағы баспанасы мен астындағы темір тұлпарын сатып жібергенін зейнеткер тірі жанға айтпаған. Жалғыз қызы да анасының алаяқтардың құрығына іліккенін «тым кеш білдім» деп отыр.

«Менің анам алаяқтар алдаған уақытта қатты өзгеріп кетті. Телефонды алмады. Телефонын тығып жүрді. Жүйкесі тозып жүрді. «Араласпа, ол менің өмірім, барлығы жақсы болғанда айтып беремін» деді. Ең соңында тергеуші мамамды іздеп күйеуіме хабарласқанда ғана білдік», -дейді қызы Жұлдыз Күзембаева.

Салы суға кеткен Әспет Күзембаева сатып жіберген пәтерінен көшіп те үлгермеген. Себебі, жаңа қожайын ешкімге ескертпей есіктің құлпын ауыстырып жіберіпті. Ал қызы мен анасы бұл әрекеті үшін үйдің иесін сотқа бермек.

«Арыз түсіреміз. Шартты жарамсыз қыламыз. Себебі, бұл пәтер 49 миллион деп сатылымда тұрған. Алаяқтардың айтқанымен пәтер арзан кетті. Екіншіден, бұл кісі анамызды күн суықта далада қалдырғаны үшін, құлыпты ауыстырып, киімкешекті алуға рұқсат бермегені үшін заң аясында істейтін боламыз»,- дейді қызы Жұлдыз Күзембаева.

Полиция оңай олжаға құныққан алаяқтардың қолға түскенін мәлімдеді. Үш күдікті зейнеткерден бөлек, тағы бірнеше адамды алдап кеткені анықталып жатыр.

«Аталмыш қылмысқа қатысы бар үш күдікті қолға түсті. Оның бірі –  Ресей Федерациясының азаматы. Тағы екеуі біздің отандастар. Олардың тағы да екі қылмысқа қатысты екені дәлелденуде. Қазір тергеу жалғасып жатыр»,- деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшылары қоңырау шалған белгісіз адамдарға ағынан жарылып, жеке басы туралы мәлімет бермеуді ескертеді. Өйткені қазір телефон арқылы іші-бауырыңа кіріп, тақырға отырғызатын әккі айлакерлер көбейген. 

Бөлісу3Твит2
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3850 бөлісу
    Бөлісу 1540 Твит 963
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2120 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1683 бөлісу
    Бөлісу 673 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.