Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Гүлнұр Мамасарипова: «Келінжанды» көріп өз қателіктерімнен ұялдым»

24.11.2022
0
Гүлнұр Мамасарипова: «Келінжанды» көріп өз қателіктерімнен ұялдым»

Қазақ қоғамында үлкен резонанс тудырған «Келінжан» телехикаясының продюсері, журналист Гүлнұр Мамасарипова аталған сериалдан кейін қазақ енелері мен келіндері қателіктерін мойындап өзіне жазғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ «Менің өмірім» телебағдарламасына сілтеме жасап.

«Мен сценарийге өмірде көрген дүниелерімді ғана жаздым. Ештеңені ойдан шығарып, қиял-ғажайыпқа бас ұрған жоқпын. Сондай-ақ көптеген ене көрген адаммын. Өз енем бар, мысалы. Өзім келін болғанда да неше түрлі жағдайға тап болғанмын. Енеге көп мөлшерде өз апамның мінезін бердім. Менің апам келіндері мен ұлдары ренжісіп қалған кезде келіндерінің жағына өтіп алады», — дейді продюсер.

Сондай-ақ қазақ енелері мен келіндері арасындағы бітпейтін дауға қатысты пікірін айтып, өзінің төл туындысынан кейін көрермендерінің әлеуметтік желіде жекесіне жазып, өз қатерліктерін мойындағынын, тіпті кейбір ажырасуға дейін барған отбасылардың өмірін сақтап қалуға септігінің тигенін баса айтты.

«Әлеуметтік желіде жекеме үлкен кісілер жиі жазады, құпияларын ашады. «Мен мына «Келінжандағы» Күлімханды көріп, өзімнің қателіктерімді, өзімнің жаман қасиеттерімді байқап ұялдым. Келіндеріме басқаша қарай бастадым. Өзімді тәрбиелеп жатырмын», — деп Күлімхан апаны өмірде бар деп қабылдайды. Дәл солай, келіндер де «өзгердік, енем осылай жасағанда мен былай ойлайтын едім, сөйтсем олай емес екен ғой. Ол кісілер былай ойлайды екен ғой» деп жатады. Тіпті ажырасуға бел буып, төркінінде отырған қыздар да «ертең үйіме барайын деп отырмын, енем сондай жаман адам емес екен ғой, мен өз қателігімді түсіндім, өзім-ақ қайтайын деп отырмын» дейді. Менің басты мақсатым да сол болған, адамдар өздерін көрсе деген. Түптеп келгенде отбасыңыздан артық ештеңе жоқ. Ондағы өзіңізге қажетті комфортты өзіңіз жасауға тиіссіз. Сіз үшін ешкім жасауға міндетті емес. Соны көрсеткім келді», — деп түйіндеді Мамасарипова.

Бөлісу74Твит46
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3931 бөлісу
    Бөлісу 1572 Твит 983
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4845 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2133 бөлісу
    Бөлісу 853 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1717 бөлісу
    Бөлісу 687 Твит 429
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1474 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2126 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1299 бөлісу
    Бөлісу 520 Твит 325
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.