«Жігітіңмен қуып кетпе, еркектерге тән қылықтарыңмен»: Әнші Гүлмира Ізбасханованың құлағына сырға салынды (видео)
Ерекше стилімен шоу-бизнес әлемінде жаңадан жанып келе жатқан жас әнші Гүлмира Ізбасханова тұрмысқа шығайын деп жатыр. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
«Ассалаумағалейкум! Бриллиант әпкелерден бриллиант сырға құтты болсын! Ұзатылам көктемде», - деп мәлімдеді Гүлмира.
Оның желіге салған бейнежазбасына оқырмандары құттықтап тілектерін жазды. Тілек білдірушілердің арасында қырғыз ағайын да қарап қалмапты. Сондай-ақ әншіні мазақ еткен оқырмандар да табылды.
«Шашыңызды өсірсеңіз, сұп-сұлусыз, көз тимесі», «Ақ жол! Бақытты болуыңа шын жүректен тілектеспін», «Жігітіңмен қуып кетпе, еркектерге тән қылықтарыңмен», «Қандай жігіт алайын деп жатыр екен сені, өзің жігіт сияқтысың», «Жаным Гуми, кутту болсун! Бағын жансын! Жакшы адам жолуксун жолундан, эне болуу бакыты буйрусун», «Сендей қызды алған жігіттің арманы жоқ», «Өнерде бағы жанған қызсың, өмірде де бағың жансын», - деп тілектерін жаудыртты желі қолданушылары.