Денесінен басы бөлініп қоқыста жатқан 5 жасар баланың өліміне қатысты анасы мен нағашысы жаңа деректер айтты
- автор kyn.kz
- 24 қараша, 2022
- 220
Жетісу облысы Сарқан ауданында қоқыс жәшігінен 5 жасар қыздың басы мен денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
20 жастағы ана мен оның ағасы 5 жасар қызды "өлтірді" деп айыпталған. Ал күдіктілер сотта баланы өлтірмегенін, ауырып қайтыс болғанын айтып ақталуда. Олардың айтуынша, құқық қорғау органы қызметкерлері қысым көрсетіп, екеуіне жасамаған қылмысын күштеп мойындатып отыр. Ал сот-медициналық сараптама баланың біреудің тұншықтыруынан өлгенін көрсетті.
«Ағам мені зорлады, содан 14 жасымда церебральды сал ауруы бар баланы дүниеге әкелдім. Оқиғаның жай-жапсарын толық айтып бердік. Бірақ екіншісінде заңгерсіз, қысыммен баланы өлтірдік деп мойындауға мәжбүр болдық», - деп мәлімдеме жасады қыздың анасы.
Күдіктілер баланың қайтыс болғаны туралы полицияға да, оның мүгедектігі бойынша зейнетақы төлейтін мекемеге де хабарламаған. Марқұм қыз 3 жасқа дейін балалар үйінде, одан кейін анасының туысының қолында болған.
Қылмыс бес ай бұрын Сарқан ауданында болған. Қалалық қоқыс полигонынан бес жасар қыздың денесі табылды. Сараптама барысында денесі бөлек, басы бір бөлек жатқан мүрденің қоқыс жәшігінде үш ай бойы жатқаны белгілі болды.
9 қараша күні Талдықорғанда қыздың анасы мен нағашысына қатысты тергеу жұмыстары басталды Баласын өлтірді деп айыпталған ана қазір қалған балалары үшін алаңдаулы. Егер сотталушылар кінәлі деп танылса, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.