Басты жаңалықтар

Аралда жұмысшылар президенттен жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етіп көшеге шықты (видео)

«Арал-Сарыбұлақ» су құбырының жұмысшылары жалақыларының аздығын айтып, президенттен көмек сұрады, деп жазды KYN.KZ сайты.

Аталған жұмыс орнында 300-ге жуық қызметкер бар. Мұндағылардың орташа жалақысы – 110 мың теңге. Инфляция көрсеткішінің күн санап өсуі мен коммуналдық-тұрмыстық төлемдердің көтерілуіне байланысты айлық еңбекақыларын 100%-ға көтеруді, атаулы мерекелерде сыйақы беруді талап етіп отыр.

Бұған дейін олар Еңбек министрлігі мен Экология министрлігіне хат жолдап, ешқандай жауап ала алмаған.