Алматылық ер адам қызын айуандықпен өлтіріп, ұлын жаралаған
Алматы қаласындағы №68 гимназияның 4-сынып оқушысы әкесінің қолынан өлім тапты, ал ағасы ауыр жараланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Аталған мектептегі басқа да ата-аналардың дерегі бойынша, қыздың әкесі есірткіге тәуелді болғандықдан әйелімен бірге тұрмайды. Анасы балаларына әкесімен кездесуге тыйым салып, балаларының қауіпсіздігі үшін, тіпті үйіне келсе, есігін де аштырмайтын көрінеді.
Оқиға болған күні әйел қызын мектептен үйіне әкеліп, жұмысына кеткен. Әйелінің жоқтығын пайдаланып әкесі келіп, қызын есікті ашуға көндіреді. Ішке кірген ер адам қызын айуандықпен өлтіреді. Ұлы мектептен қайтқанда қанға тұншыққан қарындасын көріп, әкесіне тап берген. Қашып құтылған ол әкесінің пышағынан ауыр жарақат алған, қазір ауруханада.