Жаңаөзенде дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыларды ұрып-соқты (видео)
Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру сабағында мұғалімнің оқушыларды ұрып-соғып, текпілеген бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Жаттығу залындағы оқушылар түсіріп алған бейнежазбадан мұғалімнің оқушыларына қол көтеріп, тіпті соңғы кадрларда баланы тепкен сәтін де көруге болады.
Жаңаөзен қалалық білім бөлімі аталмыш оқиғаның бақылауға алынғанын хабарлады.
«Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, тексеру қорытындысы бойынша аталған құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатаң шара қолданылатын болады», – деді білім басқармасы.