Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан бойынша кімдердің несиесі кешірілетіні белгілі болды

Қазақстан бойынша кімдердің несиесі кешірілетіні белгілі болды
ашық дереккөз

Қазақстандықтардың несиесі кешіріле ме? Миллиондаған азаматты алаңдатқан осы сұраққа бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері жауап берді. Расында 28 мың адамның 600 миллион теңге несиесі кешіріледі. Бірақ бұл микроқаржы ұйымынан қарыз алғандарға ғана қатысты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Яғни мемлекет бұл үшін арнайы ақша бөлмейді. Барлық операция сол микроқаржы ұйымдарының өзіне жүктелген. Ал кімді жарылқайтынын олар өзі шешеді. Қарызы кешірілетін азаматтарды қандай талапқа қарап таңдалатыны да белгісіз. Бұл микроқаржы ұйым мен азаматтар арасындағы келісімшартқа байланысты. «Оны несие берушілер жария етпейді. Құпия ақпарат» - деп түсіндірді Қаржы нарығын реттеу агенттігіндегілер.

Белгілісі, микроқаржы ұйымдары қарыз алушының өмір сүру деңгейін талдап барып шешім шығарады. Және бұл биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Елдегі шағын несиелердің негізгі бөлігі тиесілі 30 микроқаржы ұйымының жарылқауы тек кешірумен шектелмейді. Олар кейбірінің қарызын толық кешірмесе де, азайтады.

"Микрокредиттердің негізгі көлеміне тиесілі 30 МҚҰ-да 2022 жылдың соңына дейін 567 мың төлемге қабілетсіз қарыз алушының проблемалық берешегін реттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 432 мың қарыз алушының кредиті бойынша берешекті қайта құрылымдау, кепілсіз микрокредит бойынша 107 мың қарыз алушының 800 млн теңге сомасындағы проблемалық берешегін ішінара есептен шығару",- деді ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің департамент директоры Дәурен Несінбаев.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар