Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айсәуле Бақытбек: Мен ешқашан парақшамда құмар ойындарына жарнама жасамаймын

Айсәуле Бақытбек: Мен ешқашан парақшамда құмар ойындарына жарнама жасамаймын
ашық дереккөз
Баян Мақсатқызының тұңғышы желі арқылы қалай ақша табатынын айтып берді
Отандың танымал отбасының тұңғыш қызы Айсәуле желідегі парақшасы арқылы қанша табыс табатынын жасырмай айтты деп хабарлайды KYN.KZ Айсәуле Бақытбек Hommes.kz сайтына берген сұхбатында Instagram парақшасы арқылы көп ақша алатынын айтып берді. Оның блогер ретінде тұрақты түрде жүргізіп отырған парақшасында, миллионннан астам оқырман бар. Айтуынша ол желідегі қарапайым жарнама үшін 1000 доллар, егер видеомен бірге болса 1200 доллар алатынын жасырмады. Дегенмен желі ханшайымы ақша табу үшін жарнаманы көп салмауға тырысатынын сөз етті. Сонымен қатар Айсәуле "Сіз жеке парақшанызда нені жарнамалаудан бас тартасыз?", - деген сұраққа "Мен құмар ойындарын, казиноны, букмекерлік дүкендерді, денсаулыққа зиян тағамдарды жарнамалаймаймын", - деп жауап берді. Айсәуле парақшасына шығатын кез келген өнімді мұқият тексеретінін жеткізді. Себебі желідегі жеке парақшасының сапасыз жарнама орнына айналғанын қаламайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар