Шетелдік көліктерді тіркеу құны белгілі болды
1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеудің бір реттік құны 200 мың теңге болды. Алғышарт – көлік 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген болу керек. Бұл туралы парламент арнайы заң жобасын қабылдады.
«2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толықтырады», - деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.
Оның айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сондай-ақ, ел экономикасына оң әсер етеді.