Ақтауда шизофренияға шалдыққан тұрғын пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырған (видео)
Ақтауда орналасқан 12-шағынауданда 24-үйдің тұрғыны антисанитарлық жағдайдағы көрші үйге шағымданды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Тұрғын Ақжан Шәкиеваның сөзінше, пәтер толығымен қоқыс үйіндісіне айналған. Ал пәтер иесі психикалық ауытқуға ұшыраған.
«Біреуінің шизофрения туралы анықтамасы бар, оның анасы да психикалық сау емес. Үйіне даладан қоқыс тасиды, бүкіл подъезд сасық. Пәтерде ескі газеттер мен қағаздар толы. Үйде тарақандар мен тышқандар қаптап жүр. Біреуі үнемі айқайлап, есікті қағып тұрады. Тынышталуын сұрасақ та, мүлде құлақ аспайды», – деді көрші әйел.
Тиісті органдар да арыз-шағымдарға жауап бермеген. Шәкиеваның сөзіне сенсек, көршілері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бекетіне, жергілікті әкімдікке және полицияға шағымданғанымен нәтиже болмағаны белгілі болды.