Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ауғанстанда аштықтан қырылып жатқан халық балалары мен ағзаларын сатуға мәжбүр

25.11.2022
0
Ауғанстанда аштықтан қырылып жатқан халық балалары мен ағзаларын сатуға мәжбүр

Кейбір ауғанстандықтар балаларына аштықтан дәрілік өнімдерді беруге мәжбүр, кейбірі күнкөріс үшін өз қыздарын немесе ағза мүшелерін сатып жатыр, деп жазды KYN.KZ сайты www.bbc.com-ға сілтеме жасап.

«Балаларымыз аштықтан тоқтаусыз жылап ұйықтай алмайды, ал біздің оларға беретін тамағымыз жоқ. Балаларға дәріханаларда тұрған түрлі дәрілерді нан орнына беруге мәжбүрміз», — деді Абдул Вахаб.

Абдул Вахаб елдегі үшінші үлкен қала – Гераттың шетінде, шағын үйлердің бірінде тұрады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндағы халық балаларға дәрі беруге жиі жүгінеді.

Герат тұрғыны Гулям Хазірет қалтасынан дәрі қорабын шығарып: «Бұл – алпразолам, әдетте жүйке аурулары үшін берілетін дәрі. Алты балам бар, кенжесі бір жаста. Бірақ кенже балама да осы дәрілерді беруден басқа амалым жоқ, — деді.

Кейбірі эсциталопрам мен серлифт пакеттерін көрсетті, олар да мұны балаларға береді. Бұл препараттар әдетте депрессияны емдеу мен мазасыздықты басу үшін қолданылады. Дәрігерлердің айтуынша, егер бұл дәрі-дәрмектер балаларға аш қарынға берілсе, бауырды зақымдауы және басқа да көптеген ауру тудыруы мүмкін, ұйқы мен мінез-құлықтың бұзылуына да әкеліп соғады.

Ал 20 жастағы Аммар өзінің бүйрегінің үш ай бұрын алынғанын айтады.

«Басқа шарам болған жоқ. Жергілікті клиникада бүйректі сатуға болатынын естідім. Клиникаға барып, менің де сатқым келетінін айттым. Бірнеше аптадан кейін мені осы ауруханаға шақырды», — дейді ол.

Аммарға шамамен 270 мың ауғани төленді. Ол ақшаның негізгі бөлігі отбасын тамақпен қамтамасыз ету үшін алынған қарыздарын өтеуге жұмсалған.

Қыздарын сатып күнелтіп жүрген тұрғындардың бірі:

«Екі жасар қызымызды сатуға мәжбүр болдық. Қарыз алған адамдар күн сайын қысым жасайды, қарызды төлей алмаған жағдайда қызымызды беруімізді талап етті», — дейді.

«Мен бес жасар қызымды 100 мың ауғаниге саттым», — деп мойындады Низамуддин есімді ауған.

«Бізде азық-түлікке ақша жоқ, сондықтан мен жергілікті мешітте қызымды сатқым келетінін жарияладым», — деді 4 жасар қыздың әкесі Хазратулла. Сонымен ол қыз елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында тұратын отбасынан шыққан балаға үйленуге сатылды.

«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық тәуелсіз гуманитарлық ұйымының мәліметі бойынша, биылғы жылы олардың бөлімшелеріне аштықтан науқастар өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға көп түскен.

Бөлісу20Твит13
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1648 бөлісу
    Бөлісу 659 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1408 бөлісу
    Бөлісу 563 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.