Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өзбекстандықтар астанада үнді жігіттерін ұрлап, туыстарынан ақша бопсалаған

Өзбекстандықтар астанада үнді жігіттерін ұрлап, туыстарынан ақша бопсалаған
ашық дереккөз

Үндістан азаматын Қарағандыдан елордаға алып қашып, туыстарынан ақша талап еткен Өзбекстан азаматтарының бұл әрекетімен адам ұрлау және бопсалау бабы бойынша жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.

Бірнеше күн бұрын 27 жастағы Үндістан азаматының бопсалаушылардың құрбаны болғаны белгілі болды. Қарағандыдан Астанаға алып барып, оны жалдамалы пәтерде кепілге алған қылмыстық топ үнді жігіттің туыстарынан 200 мың доллар талап еткен. Сұраған ақшаны бермеген жағдайда оларға зорлық-зомбылық көрсету қаупі төнген.

Ал үндістандық жігіт қылмыскерлер пәтерде  ұйықтап жатқан сәтте қашып үлгерген. Ұрланған азамат бірден полицияға жүгінген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері арнайы жедел іс-шаралар барысында елордада жалдамалы пәтерлердің бірінде адам ұрлау және бопсалау күдіктерімен 26 және 34 жас аралығындағы Өзбекстанның төрт азаматын ұстады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар