Ер адам әйелін балталап тастады
Оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан Советское ауылында орын алған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Әйелдің мәйітін өз қызы үш күннен кейін тауып алған. Қызы полицейлерге анасының телефон қоңырауына жауап бермей қойғанын, үйінің есігі жабық тұрғанын айтқан. Есікті сындырып кірген тәртіп сақшылары үйге жапсарлас салынған сарайда жатқан мәйітті көрген.
Қылмыскер бұған дейін қылмысын жұрттан жасырып, ауыл ішінде тығылып жүрген. Қолға түскен соң кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, 56 жастағы әйелімен дастархан басында сөзге келісе қалған. Жанжалдың аяғы ауыр қылмысқа жалғасқан.
«Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алынды. Ер адам уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметкерлері.
Күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.