Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында мектеп оқушысын зорлау ісі тіркелген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды.
Албан Асан атындағы мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы Айдана сынып жетекшісіне жағдайының қиындығын, ағасының зорлық-зомбылық көрсететінін, өзін қорқытатынын айтқан. Қаршадай қыздың айтуынша, аталған мектеп-интернатқа да анасы өзін ағасынан қорғау мақсатында алып келген.
«Кіп-кішкентай қарындасын қорлады» деп айып тағылып жатқан Қуаныштың жасы нәбәрі 21-де. Күдікті жігіт уақытша қамау изоляторына тоғытылған. Алайда аталған ұл мен қыздың әке-шешесі мұндай сұмдықтың болғанына сене алар емес.
«Бұл мүмкін емес. Мамасына, менің өзіме де қыз еркелеп отырады. Мынадай жағдайдың болғанын қыз айтқан емес. Жатын бөлмелері де басқа. Ұлым ондай әрекетке барады деп ойламаймын», - дейді қыздың өгей әкесі.
Қуаныш өгей анасымен жақсы қарым-қатынаста болмаған. Оны мінезін түзейтін шығар деген үмітпен әскерге де жіберген. Бірақ Қуаныштың әскерден келгеннен кейін де мінез-құлығында ешқагдай оң өзгерісті көрмегенін айтқан анасы көршілеріне. Жиналған деректер бойынша, әлі ойынның ауылынан кете қоймаған өгей қарындасын күдікті бір емес, бірнеше рет зорлаған.