Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қазфосфат" жұмысшылары тағыда көтеріліп жатыр

"Қазфосфат" жұмысшылары тағыда көтеріліп жатыр
ашық дереккөз

Кеше ғана дөрекі басшыны жұмыстан шығарып жіберген ЖШС жұмысшылары бүгін жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен жалақыға көңілдері толмайтынын даулап жиналды, деп хабарлайды КҮN.KZ.

Көтерілген жұмысшылар олардың қауіпсіздігіне еш кепіл жоғын айтып отыр.

"Біздің өмірімізге ешкім жауап бермейді. Өліп кеткен жағдайда аздаған өтемақы бергенді біледі. Бүкіл құрылғы көнеріп, қауіпсіздігіне кепіл жоқ. Тек өзіміз байқап жұмыс істеуге мәжбүрміз. Айлығымыз да аз. Айлық екі есеге көтерілсін деген талабымыз бар. Бүкіл құрылғы жөнделмей біз жұмыс істемейміз. Қазір осы жерде бас изеп сендіріп кетіп, бұрыңғы әдетке салып нәтижесіз қалдыру дегенге енді көну жоқ",-деді жұмысшылардың бірі.

Ал әкімдіктегілер қазірге ЖШС басшылары жұмысшылармен ымыраға келу келіссөздерін жүргізіп жатыр дегенді айтты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар