Аурухана күзетшісі өлген адамның рухымен тілдесіп, оның өтінішін орындаған
Оқиға Аргентина ауруханаларының бірінде болған. Күзетші тұрған жерге күнделікті өзі көріп жүрген науқас апа келіп, өзін бас дәрігерге жеткізіп қоюды сұрайды, деп жазды KYN.KZ.
Күзетші әйелді арбаға салып, дәрігердің алдына алып барған. Дәрігер күзетшінің қылығын түсінбей тұрғанын айтады. Ол арбадағы әйелді көрмей тұрған дәрігерге ашуланып бақылау камерасынан өзінің әйелге көмектескен сәтін бақылайды. Бірақ камера жазбасында күзетшіге ешқандай әйел келмеген, ол бос арбаны сүйретіп жүрген.
Камераның жазбасында тек өзінің бос арбаны сүйретіп жүргенін көрен күзетші қорқа бастаған. Дәрігер оған айтып отырған науқас бір күн бұрын қайтыс болғанын түсіндіреді. Бірақ күзетші марқұмның өзінен көмек сұрағанына, оны көтеріп арбаға отырғызғанына сенімді. Мұны естіген көпшілік күзетшінің психоогиялық денсаулығы сыр бере бастады деген тоқтамға келген.