Баян Мақсатқызы кіші қызының жалаңаш суретін көрсетіп жұрттан ұрыс естіді (фото)
Суретті Баян Мақсатқызы инстаграм желісіндегі екінші парақшасына жүктеген, деп жазды KYN.KZ.
Көпшілік Айару Бақытбектің теңіз жағасында түскен суретін нағашы әпкесі Бағым Мақсатқызымен шатастырған. Ашық шомылу киімінде отырған Айаруды кей кісілер аяғы ауыр деп те болжаған. Пікір жазғандар арасында жас қыздың дене бітіміне қатысты жұртты сын айтпауға шақырғандар да бар.
"Аяғы ауыр қандай толық келіншек екен деп қалдық"." Жас қызды неге сонша сөгесіздер? дене бітімі толық болса не болыпты. Бастысы денсаулығы мықты"," Жұма күні желіге жалаңаш қызының суретін жүктеген Баян ханымның өзінде де шамалы ақыл болмай тұр ғой. Қыз баласын, өзінің қызын бұлай күнәға қалтырып отырғанын біледі ма екен?" деген сынды түрлі пікірлер көп жазылған.