Жазушы Роза Мұқанова әр әйел 50 жасында күйеуіне тоқалды өзі таңдап беруі керектігін түсіндірді
Белгілі жазушы Роза Мұқанова әйелдердің 50 жаста айтарлықтай әрі кетіп, қартайып қалатынын айтады. Ал 50 жастағы ер адам ол кезде әлі де жас әрі қарайғы өмірі мәнді, сәнді болуы керек деп есептейді.
Бұл туралы KYN.KZ сайты "Ниет" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жазушы өз сөзінде әйелдердің жасына қарамай әдемі көрінгенін, өзін күтіп жүргені дұрыс дейді. Тек оранып, жасына жетпей қартайып кетуді, ерекше оранып киінуді қолдамайтын сыңайлы.
"Адам заманына сай киінуі керек. Әйелдердің орамалды тағып алып, таңнан қара кешке дейін үйде отырғаны дұрыс деп ойламаймын. Әр әйел өз жасына сай киінсін. Ер азаматын сыйласын, мен соны қолдаймын. Әйел адам 50-ге келгенде қартаяды.
Оны мойындау керек. Ол сырттай әдемі көрінуі мүмкін. Бірақ қартаяды. Ер азамат 50 жаста жас болады. Екінші әйелді сол үшін алады.Ал шындығында екінші әйел деген бәйбішеге сүйеу болуы керек, тілеулес болуы керек.
Егер бәйбіше қисая қалса, азаматына қарайлайтын, соның бала-шағасына қарайтын, сол ұрпақты жетілдіре түсетін мақсаты болуы керек. Екінші әйел содан шыққан", — дейді Роза Мұқанова.
,