Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Екібастұзда балалар үйінің тәрбиенушілері мен перзентханадағылар Павлодарға көшіріледі

27.11.2022
0
Екібастұзда балалар үйінің тәрбиенушілері  мен перзентханадағылар Павлодарға көшіріледі
Павлодар облысы Екібастұз қаласында жылу желілерінде болған апат салдарынан әлеуметтік маңызы бар нысандарда ауа температурасы төмендеді.
Осыған байланысты балалар үйінің тәрбиеленушілері мен перзентханадағыларды эвакуциялау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік нысандарды аралады.
«Қазір апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда оның салдарын жою біраз уақыт алады. Сондықтан сақтық шараларын жасап, балаларды Павлодарға эвакуациялаймыз. Ол үшін жылы автобус бөлінді, екі сағаттан кейін осында болады», — деді ол.
Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайда қалған тұрғындарға арналған орталықтағылар да эвакуацияланатын болады.
Облыстың бас дәрігері Айдар Сейтказиновтың айтуынша, перзентханада қазір 28 босанушы бар. Бір әйел босану үшін Павлодарға жөнелтілді. Қалған босанушыларды эвакуациялау үшін де көлік даярланып жатыр.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының 36 тәрбиеленушісі Павлодар қаласының №7 мектеп-интернатына ауыстырылды. Сондай-ақ мұнда «Жас өркен «жастар үйі» КММ-нің 11 баласы көшірілді. Облыстық көпсалалы лицейдің тағы 29 оқушысы «Білім инновация» лицейіне ауыстырылды. Барлық балаларды тәрбиешілер ертіп жүреді.
Екібастұзда барлығы 25 мектеп және 21341 оқушы бар. Екібастұз қалалық ауруханасында 300 пациент емделіп жатыр. Шұғыл қайта орналастыру қажет болған жағдайда Павлодар және Ақсу қалаларында 317 төсекке арналған төсек орны дайындалды. 14 адамды Павлодарға санитарлық көлікпен жеткізу жоспарланып жатыр. Оның жетеуі бала. Сонымен қатар психикалық денсаулық орталығынан үш еріп жүрушімен бірге 31 науқасты эвакуациялау жоспарланды.
Екібастұздағы төтенше жағдай демалыс күні министрлікті де аяғынан тік тұрғызды. Қазір жауапты мамандардан жедел штаб құрылып, апатты жою жұмыстары жүріп жатыр.
БөлісуТвит
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2085 бөлісу
    Бөлісу 834 Твит 521
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2113 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1192 бөлісу
    Бөлісу 477 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    859 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    811 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    754 бөлісу
    Бөлісу 302 Твит 189
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.