Қазір қаладағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй, әлеуметтік нысандар жылусыз
Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала аумағында техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сағат 01:30-дағы жағдай бойынша 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны әлі де жылусыз қалып отыр.
Апаттық режим төтенше жағдай аймағындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады.
Келесі мақала