Викингтердің әйелдері өздеріне күйеу ретінде егде жастағы ер адамды әдейі таңдайды
Викинг тайпасындағылар алысқа кетер болса, әйелін жақын досына табыстап, бір төсекте ұйықтауға рұқсат беріп кетеді
Викингтердің қыз-келіншектері егде жастағы адамдармен некеге тұруды жөн көреді. Себебі олар жауынгерлік өмірде де, төсек қатынасында да тәжірибелі деп санайды. Викингтердің әйелдері үшін интимдік өмір үлкен маңызға ие, деп хабарлайды KYN.KZ. Үйлену тойына дейін викинг қалыңдыққа болашақ ұлына берілетін отбасылық қылыш сыйлайды. Ал алғашқы неке түні белгілі бір сенімді адамдарының көз алдында өтеді. Бұл – қалыңдықтың пәктігін растайтын рәсім. Ер азаматтары үйінен аттанарда әйелін ең жақын досына сеніп қалдырады. Досы оның әйеліне жан-жақты қамқорлық жасайды, тіпті әйелді түнде де қорғау үшін бір төсекте жатады. Бірақ әйел мен қамқоршысы арасында қашықтық сақталады. Бір төсекке жатып, араларына қылыш қойып қояды. Бұл әйелге ерлі-зайыптылардың арасындағы адалдықты, ал ер адамға азғындық құнының өтелмейтіндігін ескертіп тұрады.