Блогер Мұрат Бимағамбетов өлер алдында жұбайына хат жазып, недан шаршағанын айтты
Блогер шындығында қандай қиындықпен арпалысқанын жазған
Хатта марқұм 25 жыл бұрын ойынқұмарлыққа душар болғанын, ол ауруын жеңуге барынша тырысқанын, бірақ қолынан келмегенін жазады. Бұл тұралы KYN.KZ ақпараттық порталы хабарлайды. «Екі түрлі өмір сүру мен үшін тозақпен тең. Саған, қызыма, анама, қарындасыма және мені жақсы көрген барлық жандарға сатқындық жасадым. Сенің бақытты болғаныңды қалаймын. Сол үшін мен бұл өмірден кетуім керек. мені кешіре алсаң, кешір», - дейді блогер жұбайына жазған соңғы хатында. Естеріңізге сала кетейік, 19 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған блогер Мұрат Бимағамбетовтың 27 қараша күні қайтыс болғаны белгілі болған.