«Әншейінде шорқақ тіл»: Министр Бағдат Мусин әкесін туған күнімен құттықтап жыр арнады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде әкесін құттықтап, оған арнау жазды, деп хабарлайды KYN.KZ. «Әкемнің туған күні еді бүгін. Таңертең не жазам деп, ойланып ем, жылы сөздер өздерімен өздері шығып кетті. Әншейінде шорқақ тіл еді, қарасам біраз жазып тастаппын», - деп өзінің қазақ тіліне шорқақ екенін мойындаған министр әлеуметтік желіде әкесіне жазған арнауын жариялады. «Бізге асқар таудай Әке болсаңыз, Балаларымызға жапырағын жайған бәйтеректей атасыз, Анамызға тұнғұйықтай терең ойлы тұлғасыз, Маңайыңызға тірек болар найзасыз. Біреуі келер кеңес сұрап, Екіншісі келер көмек сұрап, Сонда біреуінің де қолын қайтармай, Мұқтаждарға қолдау көрсетер, Адасқандарға ой бөлісер, Сынайын деп тұрғандарға арқа сүйер ұлы дана атасыз. Болдыңыз елдің ағасы да, Көрдіңіз қазақтың кең арқасын да, Кәсіпті де жасап үлгеріп, Міндіңіз талай көркем тұлпарды да. Тәрбие беріп үлгеріп, Үй-пана салам деп жүгіріп, Біздерді аяққа тұрғыздыңыз, Үйлену рәсімін де тойладыңыз. Қарындасымызды қияға, Біздерді де ұяға жайғастырдыңыз. Ат терлетіп келдіңіз Астанаға, Сендіңіз тек Алла тағалаға. Сондағы мақсат болды біреу – Немерелер көрсін ата тәрбиесін, Естісін бесіктен апа өсиетін. Әлі де бар көрсетер көпшілікке қасиет пен қуатыңыз игілікке, ұрып тұр қаныңыз жүректегі, салам деп бар күшімді ізгілікке. Құттықтаймын туған күнмен әкетай, Болсын деймін көрген күндеріңіз көркемай, Жарқырап жүрсін өмір бақи көздеріңіз, Маған керек әрқашанда сіздің жылы сөздеріңіз», - деп жыр жолдарын аяқтайды министр.