«Қылышыңды шығар, қайрап берейін»: Дәриға Бадықованың сүйіктісіне айтқан сөзі сынға қалды
Отандық актриса Дәриға Бадықованың фильм барысында төсекте айтқан сөзі желідегі жұртты шулатты, деп хабарлайды KYN.KZ. Актриса басты рөлдердің бірін сомдаған толықметражды фильм бүгінгі таңда кинотеатрларда көрсетіліп жүр. Tiktok желісінде фильмнен алынған қысқаша көрініс тарап, жұрттың сынына ұшырады. Бейнежабада Бадықова сомдаған кейіпкер «шығар ана қылышыңды, қайрап берейін», дейді. Айтылған ыңғайсыздау сөз көпшілікке ұнамаған көрінеді, оны сынап түрлі пікір жазған. Бірі актрисаның бұлай фильмге түскенін құптамаса, енді бірі «ұлы сөзде ұят жоқ» дегенді алға тартады. «Істесеңдер ұят емес, сол жайлы кино түсірсе ұят боп қалады екен ғой», «Бадықованы мынадай фильмдерге түседі деп ойламаппын, оған қазақтың келінін сомдаған жарасады», «Мына жері ұяттау болыпты», «Неге бәрі ұят дейді, өмірде бар нәрсе ғой», «Мынадай кинодан не тәрбие алады балалар», «Қазақтың киносы не болып барады», - дейді желі қолданушылары.